Саясат • 03 Маусым, 2025

Адал өндірушілердің бірыңғай тізімі жасалады

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап отандық адал тауар өндірушілер автоматты түрде бірыңғай тізілімге енгізілетінін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Адал өндірушілердің бірыңғай тізімі жасалады

Фото: Ашық дереккөз

Премьер-министрдің айтуынша, аталған тізілім цифрлық шешімдер негізінде және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін біріктіру арқылы құрылатын болады. Бұл жүйе кәсіпкерлер үшін артық қағазбастылықты жойып, процесті мейлінше жеңілдетеді.

 «Жаңадан өтініш берушілер қарапайым өтініштің және автоматты цифрлық тексеру негізінде ешқандай бюрократиясыз қосыла алады. Сарапшыларды шақыру мен басы артық тексерулерден өтудің және көп қағаз толтырудың қажеті болмайды. Барлығы цифрлық режимде, адамның қатысуынсыз жүргізіледі. Осыны баса айтқым келеді. Бұл сапалы бақылауды қамтамасыз етіп, міндетін адал атқармайтын тауар өндірушілерді анықтауға мүмкіндік береді. Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап тізілім нақты отандық өндірушіні анықтау тетігіне айналады»,  деп атап өтті Олжас Бектенов.

Оның айтуынша, бұл қадам адал өндірушілерді қолдап, сапасыз өнім ұсынатын жалған кәсіпорындарды нарықтан шеттетуге мүмкіндік береді.

Алина ҚАЙРАТҚЫЗЫ,

ЕҰУ 2-курс студенті