
-Өкінішке қарай, бала алған жарақаттарынан көз жұмды. Белгілі болғандай, балкон шыныланған, ал бала ерекше күтімді қажет еткен. Пәтерде анасы ас үйде шаруамен айналысып жүрген, сонымен қатар әпкесі де үйде болған, - делінген өңірлік полиция департаментінің хабарламасында.
Полицейлердің айтуынша, балалардың құлау себептерінің бірі дұрыс бекітілмеген маса торлары немесе ашық тұрған терезе, балкон есіктері. Қайғылы оқиғалар көп жағдайда ата-анасы немесе туыстары үйден шығып кеткенде, үй шаруасымен айналысып жүргенде болады.
«Баланы терезеден немесе балконнан құлау қаупінен сақтау – әр ата-ананың қолында. Терезеге қорғансыз маса торын орнатпаңыз. Арнайы терезе құлпын немесе кілтпен жабылатын тұтқалар орнатыңыз, оларды бала өз бетінше аша алмайды. Баланы терезе мен балконның жанында ойнап жүргенде қараусыз қалдырмаңыз. Балаларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіру маңызды. Сақ болыңыздар. Үйдегі балалардың қауіпсіздігіне бірінші кезекте ата-аналар жауапты екенін ұмытпаңыздар», дейді өңірлік полиция департаментінің мамандары.
Павлодар облысы