Елорда • 03 Маусым, 2025

Астана көшелерінің біріне армян ғалымының аты беріледі

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қалалық мәслихатында қаладағы атаусыз көшелердің біріне армян ғалымы, тілтанушы әрі армян әліпбиінің негізін қалаушы – Месроп Маштоцтың есімін беру мәселесі бойынша қоғамдық талқылау өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Астана көшелерінің біріне армян ғалымының аты беріледі

Астананың сол жағалауындағы «Астана-Арена» стадионы мен «Сарыарқа» велотрегі арасындағы ұзындығы 750 метр болатын атауы жоқ көшеге армян ғалымы, жазу реформаторы Месроп Маштоцтың есімін беру ұсынылып отыр. Бұл туралы қалалық Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп мәлімдеді.

«Өткен жылы, 14–15 сәуірде, Қазақстан Президенті Арменияға ресми сапармен барып, бірқатар экономикалық, саяси және мәдени келісімдерге қол қойылды. Сол кездесулер барысында екі ел Абай Құнанбайұлының есімін Ереван қаласындағы бір көшеге немесе саябаққа, ал Месроп Маштоцтың есімін – Астана қаласындағы бір нысанға беру туралы уағдаласты», деді Сәкен Есіркеп.

Еске салайық, 2025 жылғы сәуір айында, Қазақстан мәдениет күндері аясында Ереван қаласының Аван ықшамауданында Абай атындағы саябақ ресми түрде ашылған болатын.