Мың бір мысал • 04 Маусым, 2025

Сен кімсің?

50 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әлем сұраққа толы. Сол сұрақ­тардардың жауабын шешуге ұмтылғанда ғана адам өзіне ұнай бастайды. Рухы марқаяды.

Сен кімсің?

Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

АҚШ-тың Кенеди әуежайында Джон Смит есімді кісі, кезіккен адамға «Дү­ние­дегі ең жаман нәрсе не?» деген сұ­рақ қояды. Кенет бір монахтың алдына келіп:

– Дүниедегі ең жаман нәрсе не? – дейді сұрағын қайталап.

Сонда монах:

– Сен кімсің?– дейді.

– Мен – Джон Смитпін!

– Ол жай ғана есімің ғой, сен кімсің?

– Мен журналиспін! – дейді Джон.

– Ол сенің атқаратын қызметің ғой, сен кімсің?

– Адаммын!

– Бұл сенің биологиялық атауың ғой, сен кімсің?

Джон үнсіз қалады.

– Міне, дүниедегі ең жаман нәрсе – өзіңнің кім екеніңді білмеу, – дейді монах.

Расында, данышпандарды ойға қалдырған бірегей сауал осы. «Мен кім­мін? Не істеп жүрмін? Қайдан келдім? Қайда барамын?»

«Шынды бiлмек ойласаң сен,

Алдыменен жанды бiл.

Ең керектi үш сұрақпен,

Жан құлағын қой бұрап:

«Келдiм қайдан? Қайтсе пайдам?

Өлгеннен соң не болам?

«Мен» деген – жан, ақыл – айнам,

Жоғала ма сол шын-ақ»,

дейді Ш.Құ­дай­бердіұлы.

Расында, Толстой айтқандай, «жан үшін сүрген өмір рахат сыйлайды да, тән үшін сүрген ғұмыр азап тартқызады». Имам Раббани «Мактубат» кітабында білімді атақ пен мақтанға жету үшін ізденген ғалымның тәкаппарлығы артып, мінезі бұзылатынын, ал ақиқат мақсатпен ізденген ғалымның адамдығы көркейетінін жазады. Өзін тану, өзіңнің кім екеніңді білу адамдық мұрат десек, осы мұрат жолында күрескен жан­дардың іргелі тұлғаға айналғанын көреміз. Демек әл-Фарабидің пікірі растыққа жақын. «Кемелдікке ұмтылу – өмірдің мәнін құрайды». 

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03