Заң мен Тәртіп • 04 Маусым, 2025

Заңсыздықпен күрес жалғасады

80 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Көлеңкелі экономикаға қарсы күрес жыл өткен сайын қарқын алғанына қарамастан, ебін тапқандар заңсыз тауар айналымын жалғастыруын тыяр емес. Акцизделетін тауар өнімінің заңсыз айналымы әлі де болса жиі кездеседі. Құзырлы орган қызметкерлері көлеңкелі кәсіппен айналысқандарды қолдан келгенше жазаға тартып жатыр.

Заңсыздықпен күрес жалғасады

Сурет: qyzylqoga.kz

Экономикалық тергеп-тексеру департементінің Жамбыл облысы бойынша департа­менті басшысының орынбасары Нұрбол Рахметовтің айтуын­ша, көлеңкелі экономикаға қар­сы күрес Үкіметтің қаулысы­на сәйкес 2023–2025 жылдарға арналған кешенді жоспар негі­зінде іске асырылады. Жалпы алғанда заңсыз тауар айналымын тоқтату мақсатында өңір бо­йынша бірқатар жұмыс атқа­рылған. Қолға алынған жүйе­лі жұмыстың нәтижесінде көрсет­кіштер өзгергенімен, оңай олжаға құныққандардың әлі де болса сирейтінге ұқсамайды.

«Акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымы – өңірдің өзек­ті мәселесі. Облыста жанар-жағармай материалда­рын көршілес Қырғыз Республикасына заңсыз шығарумен күрес ілкі сәтке де тоқтаған емес. Бұл мәселені шешу үшін «Переток» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу алгоритмі әзірленген. Қолға алған жұмыстың нәтиже­сінде жанар-жағармай материал­дарының көрші елге шығарылуы 65 пайызға азайды. Осы бағытта­ғы жұмыс алдағы уақытта да жал­ғасады», дейді департамент басшы­сының орынбасары.

Н.Рахметовтің айтуынша, өткен жылы өңір бойынша 5 млрд тең­геден асатын акциздік өнім­дердің заңсыз айналымы бо­йынша 22 қылмыстық іс тіркелген. Ал акциз сомасы 2 млрд теңгені құраған. 7 млн қорап темекі заң­сыз айналымнан тәркіленген. Осы­лайша, көлеңкелі кәсіппен айна­лысқандарға тосқауыл қойылған.

«Осы жылдың алғашқы тоқ­санында да бірнеше заң­сыздық анықталды. Нақтырақ айтсақ, 6 қылмыстық іс тіркелді. Нәтижесінде, жалпы құны 540 млн теңгеден асатын 626 мың қорап темекі мен 40 мың литр спирт тәркіленді», дейді Н.Рахметов.

Қалай десек те, заңсыз тауар айналымына қарсы күрес күшейіп тұрғаны даусыз. Әйтсе де, құныққан азаматтар оңай табыс табу үшін әлі де болса заңды белден басуға бекініп отыр­ғаны қайран қалдырады. Бірне­ше жыл бұрын көрші елдің тұр­ғындары қазақ жанармайы­на қатты қызығатынын, Қор­дай арқылы өз еліне тасымалдап, үстеме бағамен сататынын жаз­ған едік. Бірер жыл бұрын мұнай өнімдерін тасымалдауда еліміз бойынша 300-ге жуық заң бұзушылық анықталып, 90 мың тонна жанармай тәркіленген еді. Қазір жанармайдың заңсыз шығарылымы 65 пайызға азайған. Десе де, заңсыздық әлі де орын алып отырғаны қынжылтады.

 

Жамбыл облысы 

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03