
Фото: gov.kz
Министрлік инватакси сапасын арттыру мақсатында әкімдіктермен бірлесіп осы қызметтің тетігіне өзгерту енгізген. Бұл бастамаға азаматтар қызмет алудан бір күн бұрын телефон арқылы жазылу, сапарларын алдын ала жоспарлау, кезек күту, инватаксидің жетіспеушілігі сынды жағдайлар себеп болған.
Шарттарды жеңілдету үшін такси агрегаторларын тарту бойынша пилоттық жоба қолға алынған.
Мұндағы басты шарт сапарлардың ақысынан пайыздың болмауы, олар әдетте агрегатор платформаларының пайдасына аударылатын. Яндекс компаниясы пилоттық жобаға өтеусіз негізде қатысуға ниет білдірген.
Пилоттық жоба шеңберінде азаматтар Яндекс Go мобильді қосымшасы арқылы инватакси қызметін қолдана алады. Бұл қызметті алушы үшін көлікті тезірек таңдауға, онлайн режимінде тапсырыс мәртебесін қадағалауға және жасалған сапарларға мониторинг жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Аталған қосымшада мүгедектігі бар адамдар жүргізушіге сапардағы ерекше қажеттіліктері туралы ескертуі үшін арнайы мүмкіндіктер экраны іске қосылған. Өз кезегінде жүргізушілер адамды көлікке отырғызу және жолаушыны түсіруде қалай көмек көрсетуге болатыны секілді арнайы нұсқаулар алады.
Ведомство пилоттық жобаны алдағы уақытта еліміздің басқа өңірлеріне масштабтау жоспарланып отырғанын мәлімдеді.
Айта кетейік, былтыр инватакси 207,2 мың рет қызмет көрсеткен.