
«Ауыл - ел бесігі» жобасын іске асыру басталғаннан бері облыста барлығы 119 ауыл жаңғыртылып, өңірдің 164 мыңнан астам тұрғыны үшін өмір сүру сапасы артқан.
- 2025 жылы 22 ауылдық елді мекенді жаңғыртуға 9,7 млрд теңге бөлінді. 45 жоба іске асырылуда, оның ішінде алты дене шынықтыру-сауықтыру кешенін, екі бассейн, екі мәдениет нысанын салу, сондай-ақ үш ауылда көше жарығын орнату бар. 14 әлеуметтік нысанды күрделі жөндеу, 48 шақырым жолды жаңарту жоспарланған. 2026 жылға арналған жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеуді аяқтау және инфрақұрылымдық өзгерістерге мұқтаж қалған елді мекендерді қамту бойынша жұмыстар жанданып жатыр,-деп хабарлады өңір әкімдігінен.
Павлодар облысы