Шаруашылық • Кеше

Жетісайлық диқандар қарбыздың алғашқы өнімін жинады

50 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Түркістан облысында көкөніс пен бақша дақылдарының алғашқы өнімдері жинала бастады. Жетісай ауданының диқандары мамырдың соңғы күндерінде алғашқы қарбыздарын жинап, жөнелтуге кірісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жетісайлық диқандар қарбыздың алғашқы өнімін жинады

Фото: Ашық дереккөз

Шаруалар су тапшылығын сезінбей, егістікке дер кезінде су жеткізілгенін айтып, Су ресурстары және ирригация министрлігіне және «Қазсушар» мекемесінің жергілікті филиалына алғыс айтты.

«Биыл еккен қарбыз бен қызанақ пісуге жақын. Осынша алқапқа уақытылы су жеткізіп отырған «Қазсушар» филиалына алғыс білдіреміз. Биылғы алғашқы қарбызымызды жөнелтуге дайынбыз. Су жақсы берілгендіктен қарбыз суды көп сіңіріп, жақсы өсті. «Қазсушармен» келісімшартқа да отырдық», деді Түркістан облысы Жетісай ауданы Тың ауылының диқаны Қуанбай Бексұлтан.
 
«Бүгін міне қарбыз артып жатырмыз. Еккен қарбызымыз, көкөнісіміз судан тарыққан жоқ. Суды жеткізіп беріп, қазу қажет болған жерді қазып беріп, көмек көрсетіп отырған ауданымыздың «Қазсушар» филиалына рақмет», деді Атамекен ауылының диқаны Телтай Тұрғынбек.

Биыл суару маусымында оңтүстік өңірлердегі «Қазсушар» филиалдары диқандарға 2,5 млрд текше метрден астам су берген. Оның ішінде 1,3 млрд текше метрі Түркістан облысына бөлініп, 276 мың гектарға жуық егіс алқаптары суарылған.

Жетісай ауданы бойынша 84,3 мың гектар жерге 304 млн текше метр су берілсе, оның 97,5 млн текше метрі бақша мен көкөніс алқаптарын суаруға бағытталған.

«Ауа райының қолайлылығы мен су ресурстарының дер кезінде берілуі – өңір диқандарына сәуір айында-ақ қырыққабаттың алғашқы өнімін, ал мамырдың соңында қауын жинауға мүмкіндік берді», деп хабарлады  Су ресурстары және ирригация министрлігі.

 
Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03