Қаржы • Кеше

ШЫҰ кеңістігіндегі өзекті мәселелер сараланды

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Қаржы министрі Мәди Такиев Қытай Халық Республикасының астанасы Бейжіңде өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің қаржы министрлері мен орталық банктерінің басшыларының кездесуіне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШЫҰ кеңістігіндегі өзекті мәселелер сараланды

Фото: Қаржы министрлігі

Кездесудің ашылуында ҚХР Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Дин Сюэсян ШЫҰ-ның аймақтық және халықаралық экономикалық ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды рөлін атап өтті. Оның айтуынша, ұйым бүгінде сауда-экономикалық өзара байланыстарды дамытудың пәрменді алаңына айналып отыр.

Шара аясында қатысушылар ШЫҰ кеңістігіндегі көпжақты ынтымақтастықтың болашағы мен өзекті мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, сауда-экономикалық ықпалдастық, қаржы саласындағы интеграция, сондай-ақ жаһандық тұрақсыздық жағдайындағы макроэкономикалық саясатты үйлестіру мәселелеріне баса назар аударылды.

«Қазақстан ШЫҰ шеңберіндегі ынтымақтастықты маңызды стратегиялық басымдық ретінде қарастырады және негізгі бағыттар бойынша өзара тиімді әріптестікті белсенді дамытуға мүдделі», деді ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев.

Кездесу аясында министр Мәди Такиев Қытай Халық Республикасының Қаржы министрі Лан Фоанмен екіжақты келіссөздер өткізген. Тараптар халықаралық қаржы нарығындағы қазіргі ахуалды талқылап, Қазақстан мен Қытай арасындағы қаржы-экономикалық серіктестікті одан әрі кеңейту мәселелерін пысықтады.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03