Президент • 05 Маусым, 2025

Мемлекет басшысы Иран Президентімен телефон арқылы сөйлесті

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президенттер бірін-бірі барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Құрбан айт мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Иран Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Масуд Пезешкиан екі елдің достыққа, тату көршілікке негізделген қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтудің перспективасы қарастырылды.

Тараптар алдағы кездесулердің кестесін талқылады.