Өндіріс • Бүгін, 08:25

Үлгілідегі шыны шығаратын зауыт

20 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Кейінгі уақытта Жамбыл облысында бірнеше өндіріс ошағы бой көтеріп жатыр. Олардың бірқатары жұмысты бастап та үл­герді. Нақтырақ айт­сақ, өңірде тұңғыш рет шың­­далған шыны шыға­ра­­тын зауыт іске қосыл­ды. Байзақ ауданына қарас­­ты Үлгілі ауылында ашыл­­ған жаңа кәсіпорын қызмет­керлері жұмысты бастап кетті.

Үлгілідегі шыны шығаратын зауыт

Суретті түсірген – Ақәділ Рысмахан

Жергілікті атқарушы билік өкілде­рі келтірген дерекке жү­гін­сек, индустрия­лық жобаны қар­­жыландыруға жергілікті кә­сіп­кер тәуекел еткен екен. Ол осы жо­баны сәтімен жүзеге асыру үшін ынты-шынтысымен іске кірісіп кетті.

Облыс орталығы Тараз қала­сынан таяқтастам жерде ор­на­ласқан жаңа зауыт­тың құрыл­тайшысы Жамалхан Иб­ра­ги­мовтің айтуынша, шыңдалған шы­ны шығаратын кәсіпорын жергілікті 40 азаматты тұрақты жұмыс орнымен қамтып отыр. Бас­тапқыда 1 млрд теңге көле­мінде инвестиция салынған зауыт жы­лына 100 мың шаршы метр шың­далған шыны өнді­ру­ге қау­қарлы. Кәсіпорын өнімі­не жер­гілікті тұтынушылар ғана емес, көр­шілес өңірлердің аза­мат­тары да қызығушылық танытқан.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың инвести­циялық жобаларды қолдау ар­қы­лы өңірлерде жаңа өндіріс орын­дарын құру жөніндегі тап­сыр­масы назарымыздан тыс қал­мақ емес. Қазіргі кезде облыс аумағында жаңа кәсіпорындар ашу бойынша қарқынды жұмыс жүргізіліп жатыр.

Бірнеше күн бұрын тоғыз жолдың торабында орналасқан Шу қаласында жылына 1 500 локо­мотив жөндеуге әлеуеті жете­тін техникалық қызмет көрсе­ту депосы ашылды. Президент тапсырмасын жүзе­ге асыру мақсатында қолға алын­ған жұмыс аз емес. Жаңа жо­балардың барлығын сәтімен орындау үшін жергілікті атқару­шы билік өкілдері қолдан келгенше еңбек етіп жатыр.

Бүгін іске қосылған шыңдал­ған шыны өндіретін зауыт – өңірде атқарылып жатқан ауқым­­ды жұмыстың нақты бір кө­рі­нісі. Бұл кәсіпорын – өңір эко­но­микасының өркендеуіне, жергілікті халықтың әлеуметтік жағ­дайын жақсартуға бағыттал­ған маңызды жобалардың бірі.

«Туған жерге туыңды тік» деген халық даналығының мәні тереңде жатыр. Осы қағиданы ұстанып, туған жерге инвестиция салып, жаңа іс бастаған іскер азаматтарға алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Өндіріс ошағын ашқан азаматтардың бастамасы баянды болатынына сеніміміз зор», дейді өңір басшысы Ербол Қарашөкеев.

Ресми дерекке сүйенсек, жобаны «Js Glass» ЖШС жүзеге асырыпты. Зауыт басшылары өндірілген өнімнің сапасы мен қауіпсіздік талаптарына айрықша назар аударып отыр. Сондай-ақ құрылтайшылар кәсі­порын өнімін, ішкі нарықты қамтып қана қоймай, көршілес жатқан Алматы, Түркістан облыстарының нарығына шы­ғаруды да жоспарлап отыр.

«Кәсіпорын қызметкерлері заманауи үлгідегі қондырғы­лармен жұмыс істейді. Қытай елінен келген кәсіби мамандар бір ай бойы білгенін үйретті. Соның арқасында біз де жаңа құрылғыларды бір кісідей меңгеріп алдық. Ауылымызда жаңа зауыттың ашылғаны көңіл қуантады. Енді тек адал жұмыс істеп, өңір экономикасының өркендеуіне күш салуымыз керек», дейді шыңдалған шыны шығаратын зауыт қызметкері Дастан Абделиев.

Жалпы алғанда, Жамбыл облысында ілкімді жобаларды жүзеге асыру бойынша біршама жұмыс атқарылып жатыр. Ірі жобаларды кезең-кезеңімен іске асыру мақсатында қолға алынған жұмыс ілкі сәтке де тоқтамақ емес.

Облыстық кәсіпкерлік және ин­дустриалды-инновациялық да­мыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев­тың ай­туынша, биыл «Alit Holding» ЖШС жылдық қуаты 150 мың тоннаны құрайтын құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін кәсіпорынды іске қосуға ниеттеніп отыр. Сондай-ақ «Кнауф Гипс Тараз» ЖШС жылына 22 миллион шаршы метр гипсокартон өндіретін кәсіпорын құрылысын бастамақ.

Бұдан бөлек, «Qazaq soda» компаниясы жылына 1 миллион тонна кальцийлендірілген сода өндіретін зауыт құрылысын жүргізіп жатыр. Өндіріс ошағы 2027 жылы іске қосылады. Соны­мен қатар «Talas Investment Company» компаниясының

натрий цианидін өндіру жоба­сының екінші кезеңі жүзеге асатын күн де алыс емес. Сол арқы­лы жылына 30 мың тонна натрий цианидін өндіру мүмкін болмақ.

Қалай десек те, өңірде инно­вациялық жобаларды іске асыру жөнінде атқарылып жатқан жұмыс аз емес. Біз солардың бір парасын ғана тілге тиек етіп отырмыз. Жергілікті атқарушы билік өкілдері Президент тапсырмасын лайықты орындау арқылы жергілікті халықты жаңа жұмыс орнымен қамтуға басымдық беріп отыр.

 

Жамбыл облысы,

Байзақ ауданы

Соңғы жаңалықтар

Қала қоқыс полигоны ма?

Экология • Кеше