
Фото: olympic.kz
Жаһандық бокс бәсекесінде 10 салмақ дәрежесінде бақ сынаған ел құрамасы 8 салмақта жүлде еншіледі. Оның бесеуі - алтын, үшеуі қола медаль. Осылайша Қазақстан боксшылары жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иемденді.
Жүлдеге қол жеткізген былғары қолғап шеберлері:
50 келіде Даниял Сәбит - алтын медаль;
70 келі. Абылайхан Жүсіпов - алтын медаль;
80 келі. Ерасыл Жақпеков - алтын медаль;
85 келі. Дәулет Төлемісов - алтын медаль;
+90 келі. Нұрлан Сапарбай - алтын медаль;
65 келі. Ертуған Зейнуллинов - қола медаль;
75 келі. Сабыржан Аққалықов - қола медаль;
90 келі. Сағындық Тоғамбай - қола медаль.