Оқиға • Кеше

Алматыдағы жантүршігерлік жол апатынан үш адам зардап шекті

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласы Саялы шағын ауданында жеңіл көлік пен автокран соқтығысып, үш адам жарақат алған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыдағы жантүршігерлік жол апатынан үш адам зардап шекті

Фото: Ашық дереккөз

«Алдын ала мәлімет бойынша, апат салдарынан үш адам зардап шекті. Олардың бірі көлік салонында қысылып қалған. Құтқару қызметінің мамандары оқиға орнына сағат 22:10-да жетіп, жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында 22:18-де барлық зардап шеккендерді көліктен шығарып алды. Бұл жұмыстар арнайы техника қолданбай-ақ орындалды», деп мәлімдеді 109 құтқару қызметінің баспасөз қызметі.

Жарақат алғандар жедел жәрдем бригадаларына тапсырылып, әртүрлі ауруханаларға жеткізілген.