Қоғам • Кеше

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыруымен «Қару» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп, нәтижесінде қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, елімізде қару-жарақ пен оқ-дәрілердің заңсыз айналымына қарсы ауқымды рейд жүргізілді. Шара барысында 400 заңсыз қару, 2 500-ден астам оқ-дәрі мен 6 жарылғыш зат тәркіленді. Сондай-ақ, 40 жасырын қару қоймасы анықталды.

Аталған іс-шара Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған полиция қарулары мен арнайы құралдарын да қайтаруға мүмкіндік берді. Тәркіленген заттар қатарында 2 Калашников автоматы, 4 тапанша, 4 аңшы мылтығы, қызметтік бронежилеттер, каскалар мен қалқандар бар.

Азаматтардың да белсенділігі байқалды – олар 87 қаруды өз еркімен тапсырған. Бұл жағдай халықтың заңсыз қару айналымына бей-жай қарамайтынын дәлелдейді.

Рейд шеңберінде 29 000-нан астам азаматтық қару тексеріліп, 845 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар полиция қызметкерлері 10 000-нан астам шаруа қожалығын аралап, 65 заңсыз қаруды тәркіледі.

ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетовтың айтуынша, қару-жарақ пен оқ-дәрілердің заңсыз айналымына қарсы жүйелі жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

Соңғы жаңалықтар

«Delta» тобы әшкереленді

Жемқорлық • Бүгін, 10:10

Елордаға LRT вагондары келді

Елорда • Бүгін, 10:05

Терісаққандағы тіршілік

Ауыл • Бүгін, 10:00

Қатыгез баланы не түзейді?

Мәселе • Бүгін, 09:55

Гранд-финалға жолдама

Білім • Бүгін, 09:50

Жазғы каникул көңілді

Балалар • Бүгін, 09:45