Өнер • Кеше

Қазақстанда Беларусь мәдениетінің күндерін өткізу ұсынылды

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 10 маусымда ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қазақстандағы Беларусь Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Богдановпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстанда Беларусь мәдениетінің күндерін өткізу ұсынылды

Кездесу барысында екі тарап алдағы бірлескен іс-шараларды талқылады.

Атап айтқанда, Қазақстанда Беларусь мәдениетінің күндерін өткізу туралы бастама көтерілді. Аида Балаева бұл іс-шараның аясын кеңейтуді ұсынды. Дәстүрлі концерттер мен көрмелерден бөлек, шеберлік сабақтарын, шығармашылық кездесулерді, ғылыми конференцияларды және мәдениет саласындағы өзара байланыстардың өзге де түрлерін қамту туралы айтылды. 

Сонымен қатар, «Лістапад» кинофестивалі аясында Қазақстан киносының күндері өтеді. Қазіргі уақытта іс-шараны өткізуге қатысты мәселелер мен көрсетілетін фильмдердің тізімі нақтылануда. Бұдан бөлек, 10–11 шілде күндері Витебск қаласында өтетін халықаралық «Славян базары» фестиваліне де қазақстандық өнерпаздар қатысады.

Кездесу соңында министр Қазақстан тарапы екі елдің музей, театр мен архив қызметтері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ бірлескен киноөндіріс пен концерттік жобаларды дамытуға үлес қосуға дайын екенін білдірді. Екі тарап жұмыс тобын құруға келісті. Бұл бастамалар екі ел  арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайта түседі.