Теннис • Кеше

«Ролан Гаррос» турнирі аяқталды

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Францияның астанасы – Парижде «Ролан Гаррос» турнирі мәре­ге жетті. Еліміздің теннисшілері арасынан Анна Дани­ли­на ең жақсы нәтиже көрсетті. Сербияның сымбаттысы Алек­сандра Круничпен жұптасқан жерлесіміз финалға де­йін жетті. Алайда шешуші бәсекеде жолы болмады.

«Ролан Гаррос» турнирі аяқталды

Жартылай финалда Улрике Эйкери (Норвегия)/Эри Ходзумиді (Жапония) жолдарынан ығыс­тырды. Финалда үздіктер тізімінде екінші орында тұрған Италияның қос мықтысы – Жас­мин Паолини/Сара Эрра­ни жұбымен шеберлік байқасты. Бұл бәсекеде Апеннин түбегінен келген арулардың асығы алшысынан түсті – 6:4, 2:6, 6:1.

Әйелдер сайысы АҚШ-тың өкілі Кори Гауффтың жеңісі­мен аяқталды. Финалда ол бела­русьтік Арина Соболенкоға 6:7, 6:2, 6:4 есебімен сан соқтырды. Оның алдында амери­калық тен­нисші Оливия Гадеки (Аус­тра­лия), Тереза Валентова мен Мари Боузкова (Чехия), Екате­рина Александрова (Ресей), Мэди­сон Киз (АҚШ), Лоис Буас­сон­нан (Франция) басым түсті.

Ерлер арасындағы бәсекенің бас жүлдесін италиялық Янник Синнер мен испаниялық Карлос Алькарас өзара сарапқа салды.

5 сағат 29 минутқа созылған сайыс­ Пиреней түбегі түлегінің пайда­сына шешілді. Бұл – «Ролан Гарростың» рекордтық көр­сеткіші. Жеңімпаз бас бәсе­кеге дейін Дулио Цеппери, Лорен­цо Музетти (Италия), Фабио Марожан (Мажарстан), Дамир Джум­хур (Босния мен Гер­це­го­вина), Бен Шелтон, Томми Пол­дан (АҚШ) айласын асыр­­ды. Сөй­тіп, Алькарас «Үлкен ду­­­лыға» санатындағы турнир­лер­­­­дегі жеңістер санын беске жет­­кізді.

Жеке­леген сайыста елі­міз­­­дің теннисшілері арасынан Александр Бублик жақсы өнер көрсетті. АТР рейтингінде 62-орында тұр­ған отандасымыз аус­тра­лиялық Джеймс Дак­ворт (АТР №92), Алекс де Минаур (№9), португалиялық Энрика Роша (№200), ұлы­британиялық Джек Дрейперді (№5) жеңіп, ширек финал­ға шықты. Бірақ бұл ме­жеде әлем­нің бірінші ракеткасы, ита­лиялық Янник Синнерден аса алмады.