Спорт • 11 Маусым, 2025

Жарыс күнделігі

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

27 шілдеде Жапонияның Сайтама қаласында аралас жек­пе-жектен өтетін RIZIN 4 тур­ни­рінде Қаршыға Дәуітбек Киома Акимотомен айқасады. 19 жас­тағы жергілікті жас жұлдыз осы­ған дейін тоғыз мәрте окта­гонға шығып, сегіз сайыста ба­сым­­дық танытты. Кезінде «Алаш Прайдтың» сапында бол­ған Қар­шыға 21 бәсекенің 18-інде жеңіске жетті. Бір айта кетерлігі, 31 жастағы қазақ файтері кейінгі алты жылдан аса уақыт аралығында бірде-бір рет жеңілген жоқ, қатарынан 10 жекпе-жекте жеңіс тойын тойлады.

Жарыс күнделігі
  • Сауд Арабиясының астанасы – Эр-Риядта 2025 жылдың күз айларында алауы тұтанатын VI Ислам ынтымақтастығы ойындарының делегация басшы­ларына арналған семинар өтті. Жиын барысында ұйым­дастырушылар әлемнің әр қиы­ры­нан жиналған 50-ден астам мем­лекет спортшыларының басын қосатын дүбірлі додаға дайын­дық жұмысы қазіргі кезде қа­лай жүріп жатқаны туралы то­лық ақпарат берді. Семинар барысында тұрақтау, көлікпен қамтамасыз ету, логис­тика, аккредитация үдерісі, медициналық және допингке қарсы қолдау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Осы жарыстың маңызды жаңалықтарының бірі – ойындар бағдарламасына екі жаңа спорт түрі – бокс пен дуатлон енгізілді.

 

Соңғы жаңалықтар

Еңбек адамы – қоғамның қуаты

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 08:50

Игі қадам

Пікір • Бүгін, 08:48

Маман даярлау сапаланды

Білім • Бүгін, 08:40