
Фото: Ашық дереккөз
Құжатқа сәйкес, 2025 жылы Starlink спутниктік терминалдарының ресми сатылымы басталуы қажет. Осылайша, Қазақстан халқы әлемнің кез келген нүктесінен жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізе алады.
Жоба шалғай елді мекендер мен интернет желісі қолжетімсіз аймақтарды жоғары сапалы байланыспен қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл қадам еліміздің цифрлық инфрақұрылымын дамытуға және ақпараттық технологиялардың қолжетімділігін арттыруға септігін тигізеді.
Алина ҚАЙРАТҚЫЗЫ, ЕҰУ студенті