Оқиға • Кеше

Астанада ата-аналарды алдап соққан алаяқ сотталды

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада балабақшадан орын алып беремін деп 30-дан астам ата-анаға уәде беріп, орындамай кеткен алаяққа қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Астанада ата-аналарды алдап соққан алаяқ сотталды

Фото: Ашық дереккөз

Тергеу барысында күдіктінің жалпы сомасы 1 млн теңгеден астам шығын келтіргені анықталған. Ол ата-аналарды 2GIS мобильді қосымшасындағы «Пікірлер» бөлімінен тауып, олармен байланысқа шығып, өзін балабақшаға орналастыру ісінде көмектесе алатын «делдал» ретінде таныстырған.

«Күдікті Indigo24.kz жүйесі арқылы заңсыз түрде балабақша кезегін жылжытып беремін деп уәде берген. Қаражатты алғаннан кейін ол ізін суытып отырған», делінген хабарламада.

Прокуратура мәліметінше, мемлекеттік айыптаушы оның кінәсін толық дәлелдеген.

Сот шешімімен күдіктіге 4 жыл мерзімге пробациялық бақылаумен бостандықты шектеу жазасы тағайындалған.