Қуаты жылына 95 мың тоннадан астам өнімді құрайтын төрт пешті іске қосу жоспарланып отыр. Инвестициялар шамамен 63 млрд теңгені құрайды, шамамен 500 жаңа жұмыс орны құрылады.
– Ферросилиций өндіретін кәсіпорынның бірінші кезегін салу жобасы аяқталу сатысында. Қыркүйекте бірінші іске қосу кешенін толығымен пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Мұнда «Сарыарқа» АЭА-да алдағы уақытта кварц өндіруден бастап толық өндірістік тізбек – кремний кластері құрылады, – деді Karagandy Power Silicon бас директоры Талғат Мәкаев.
Қарағанды облысы