
- Қарағандыдағы «Saryarka» үстел теннисі орталығында жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты аяқталды. Ұлдардың жекелеген сайысында Заңғар Әбдімәжит (Шымкент) жеңіске жетті. Финалда ол Рамазан Рауанұлын (Маңғыстау облысы) ұтты. Қыздар арасындағы бәсекеде Тамирис Тимурқызы (Ақтөбе) топ жарды. Шешуші тұста Тамирис Шохина Миркодировадан (Шымкент) басым түсті. Ұлдардың жұптық жарысында Заңғар Әбдімәжит/Бақдәулет Нұржан (Шымкент) жеңімпаз атанса, қыздардың жарысында Шохина Миркодирова/Назерке Болатбектің (Шымкент/Түркістан) бағы жанды. Аралас жұптардың тартысында Заңғар Әбдімәжит/Шохина Миркодированың (Шымкент) мерейлері үстем болды.