Төтенше жағдай • Кеше

Қазақстанның Израильдегі Елшілігі отандастарға үндеу жасады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Израильдегі Елшілігі қазіргі геосаяси жағдайға байланысты Израиль аумағында жүрген отандастарға арнайы үндеу жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның Израильдегі Елшілігі отандастарға үндеу жасады

Фото: voxpopuli.kz

Елшілік барлық қазақстандықтарға қауіпсіздік шараларын күшейтіп, Израиль билігінің тылдық қызметтері мен қорғаныс күштерінің ресми нұсқауларын қатаң сақтауға кеңес берді.

Елшілік келесілерді ұсынды:

  • Сақтық пен қырағылық таныту;
  • Соңғы жаңалықтарды мұқият бақылау;
  • Қазақстан Елшілігімен тұрақты байланыста болу.

Байланыс нөмірлері:

  • +972 (3) 503 78 85 (кезекші нөмір)
  • +972 53 635 19 83 (мобильді, WhatsApp)
  • +972 55 273 38 13 (мобильді, WhatsApp)
  • +7 700 111 31 96 (WhatsApp, Қазақстан нөмірі)

Кеше түнде Израиль Иран аумағына соққы жасап, ядролық бағдарламаға қатысы бар нысандарды нысанаға алғанын мәлімдеді. Тегерандағы бірқатар аудандарда жарылыс дыбыстары естілгені туралы халықаралық БАҚ хабарлады.

Израиль билігі елде төтенше жағдай жариялап, қауіпсіздік деңгейін жоғарылатты. Қорғаныс министрі Иран тарапынан зымырандар мен ұшқышсыз ұшақтар арқылы қарымта шабуыл болуы мүмкін екенін ескертті.

Соңғы жаңалықтар