Әлем • Кеше

Үндістандағы ұшақ апатынан қаза тапқандар саны 294-ке жетті

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үндістанда орын алған ауыр әуе апаты салдарынан 294 адам қаза тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үндістандағы ұшақ апатынан қаза тапқандар саны 294-ке жетті

Фото: Ашық дереккөз

Апатқа ұшыраған ұшақ – «Боинг 787 Dreamliner», оның бортында болған 241 жолаушы мен экипаж мүшесі көз жұмған. Қалған 53 адам  апат кезінде жерде болғандар, олардың көбі медициналық колледж жатақханасында болған студенттер.

Ресми мәлімет бойынша, ұшақ әуеге көтерілгеннен бірнеше минут өткен соң медициналық колледждің жатақханасының төбесіне құлаған. Сол сәтте жатақхананың асханасында студенттер тамақтанып отырған.

Ұшақ Ұлыбританияның Лондон қаласындағы Гэтвик әуежайына бағыт алған болатын.

Қазіргі уақытта оқиға орнында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар