
Фото: olympic.kz
Әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан атынан татамиге алғаш болып шыққан Ғалия Тынбаева Нидерланды өкіліне есе жіберді.
Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, отандасымыздың қарсыласы Эмбер Херсйэс нәтижелі әдіс жасап, жеңіске жеткен.
Осылайша, Ғалия Тынбаева әлем біріншілігінің жекелей сынын алғашқы айналымда аяқтады.
Айта кетейік, бұл салмақта еліміздің тағы бір үміті Әбиба Әбужақынова да жарыс жолына шығады.