Оқиға • Кеше

Ақмола облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2025 жылдың 12 маусымына қараған түні Ақмола облысында Астана – Ерейментау – Шідерті бағытындағы тас жолда жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

Фото: Ашық дереккөз

Kia Rio маркалы көлік жолда тұрған жылқыға соқтығысып, салдарынан екі жолаушы оқиға орнында көз жұмған.

Тағы үш адам түрлі жарақаттармен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген.

Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын анықтап, тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар