Спорт • Кеше

Әбиба Әбужақынова алғаш рет әлем чемпионатының финалына өтті

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Әбиба Әбужақынова Будапештте өтіп жатқан әлем біріншілігінде алтын жүлде үшін бақ сынайды, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК мәліметіне сілтеме жасап.

Әбиба Әбужақынова алғаш рет әлем чемпионатының финалына өтті

Отандасымыз 48 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында испаниялық Лаура Мартинеспен белдесті.

Нәтижесінде испаниялық үш қателік жіберіп, Әбиба финалға жолдама алды.

Финалда Әбужақынова Италия өкілі Асунта Скутто мен франциялық Ширин Букли арасындағы жекпе-жекте жеңіске жеткен спортшымен белдеседі.

Айта кетейік, Әбиба бұған дейін әлем чемпионатының финалында бірде-бір рет белдеспеген. Оның еншісінде әлем біріншілігінің екі қола медалі бар.

Соңғы жаңалықтар