
Фото: Ашық дереккөз
«Бұл – «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасының бір бөлігі. Жоба екі жарым миллион адамды қамтиды. Кейбір ауылдарда интернет бар, бірақ оның сапасы жеткіліксіз. Себебі үйлерде құрылғылар көбейіп, интернетке сұраныс өсіп жатыр», деді Екатерина Смышляева.
Депутаттың айтуынша, жоба аясында мыңнан астам ірі ауылда әр үйге дейін талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылады. Бұл – «соңғы миль» деп аталады. Бұл байланыс түрі – ең жылдам, тұрақты және қауіпсіз.
«Үйлерде сымды интернет болған жағдайда, отбасының байланысқа жұмсайтын шығыны азаяды. Ауылдағы адамдар «ақылды» құрылғыларды, смарт-техниканы мегаполис тұрғындары сияқты пайдалана алады. Сонымен бірге, жер үсті желілерін кеңейту арқылы біз тек ауыл өмірін жақсартпаймыз, сонымен қатар елдің технологиялық егемендігін нығайтамыз», деді депутат.
Келісім шарттарына сәйкес, қарыз Жапонияның ұлттық валютасы – иенмен беріледі. Бұл валютада базалық мөлшерлеме төмен әрі тұрақты. Жобаны жүзеге асыру мерзімі нақты көрсетілген және ол қарызды төлеу басталғанға дейін аяқталуы тиіс.
«Жеткізушілерді таңдау ашық конкурс арқылы өтеді. Монополияға жол бермеу үшін бір компанияға берілетін қаржы мөлшері шектелген. Сондай-ақ, жеткізушілер тарапынан қосымша қаржыландыру да қарастырылған», деді депутат.
Смышляеваның айтуынша, бұл заң жобасы бойынша жұмыс тобы мен Комитеттің кеңейтілген отырысы өткізілген, барлық тұрақты комитеттер өз қорытындыларын берген.
«Осыған байланысты, осы Заңды қабылдауды және оны Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына жіберуді ұсынамыз. Қолдауларыңызды сұраймын. Рақмет», деп қорытындылады депутат.