Қызылағаштықтардың қуанышы баршаның мерейі. Өйткені, Елбасы биылғы наурыз айында тасқыннан кейін тұрғындардың жан жарасын жазуға жедел, әрі нақты тапсырма берсе, ел-жұрт бар ықылас-ниетімен қамқорлық жасағанын кім ұмытсын. “Көп түкірсе – көл”, деген. Мемлекеттен де, халықтан да қаржылай, заттай, азық-түлік, тағы басқа заттар үздіксіз келіп жатты.
“Алматы–Өскемен” күре жолымен ары-бері ағылғандар бел асқаннан қызыл, жасыл шатырлы әсем үйлер мен жасыл желек жамылған мекенді көріп, қызығады. Сол ұмытылмас 12 наурыздан бері 110 күн өтіпті. Бой көтерген ауыл жаңа ғасырда жасарған, жаңарған десек, асыра айтылмағаны. Десе де “Батырмын деп мақтанба, Жеңіп қайтпай, Жақсымын деп мақтанба, Халық айтпай” демекші, қиындықты жеңген батырлық, сол кезде ынтымақ пен бірлікті ұстанғаны жақсылық екенін жұртшылық жиі қайталайды. Жұдырық жұмылып, білек біріккенде қиындыққа жол жоқтығы дәлелденді. Бұған дейін аталған елді мекенде 365 тұрғын үй қайта салынып, бар жиған-тергенінен бір сәтте айрылғандарға теледидар, үй жиһазы, газ, төсек-орын беріліп, басқа да тұрмыстық жеңілдіктер жасалған-ды.
Қызылағаш ауылында сәрсенбінің сәтінде, яғни 30 маусымда тағы да қоныс тойы өтті дүркіреп. Жаңа сән-салтанаты жарасқан Мәдениет үйіндегі мерейге бұл жолы да облыс әкімі Серік Үмбетов қатысты. Тасқын болғаннан бері тұрғындармен жиі кездескен басшыны осындағы еңкейген кәріден жас балаға дейін жазбай танитын болыпты. Амандық-саулық, күнделікті тіршілік мәселесі сөз болды. Көктемдегі келеңсіздікті қозғамай, тек бүгінгі мерейдің шуағына шомылғандар ертеңгі күндеріне сенімді екендіктерін білдіруде.
Ауылдың батысындағы шатырлы қалашық орны босап, үйлі болғандар жаңа қонысқа көшіпті. Күннің аптап ыстығына қарамастан Мәдениет үйіне жиналған халық та, балалар да мәз.
Халық алдында сөз алған облыс әкімі Серік Үмбетов әңгімесін әріден бастады.
– Көктемдегі тасқыннан кейінгі жылаған ана, жылаған бала, әкенің жабырқаған жүздері әлі де көз алдымнан кетпейді. Бұл ұмытылатын оқиға емес. Менің сол кездегі көңіл-күйімді өзім ғана білемін. Бір түннің бір шығатын күні болады. Сол кезде түскен еңсемізді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың нақты тапсырмасы, демеуі, қолдауы тіктеді. Қазақстандықтардың пейілі мен қамқорлығын сезіндік. Елбасынан бастап, баршаға сіздердің аттарыңыздан алғыс айтамын. Бүгін еліміздің жүрегі Астананың туған күні қарсаңында бас қосып отырмыз. Бұл мерекенің еліміз үшін орны бөлек. Барлық өңірдегі қала, ауыл Астанаға қарап бой түзейді, ондағы ел өмірін өркендетуге байланысты сындарлы саясатпен қаруланып, оны жүзеге асыруға бар күш-жігерін жұмылдырады. Бұл үрдіс осы ауылда да өріс алуда. Бүгін міне, тағы да 102 жаңа үй мен қайта жөндеуден өткен 20 үйдің кілтін иелеріне тапсырамыз. Сондай-ақ Мәдениет үйі, аудандық ІІБ тірек қосыны, “Қазпошта” мен ауылдық округ әкімдігінің ғимараттары, Алланың үйі – мешіт күрделі жөндеуден өткізілді. Бұл нысандар бүгіннен бастап халық игілігіне қызмет етеді, деп әр отбасына бақыт, қуаныш, береке-бірлік тіледі.
Қызылағашта қалпына келтіру жұмыстары қолға алынған 19 наурыздан бергі мерзімде 400-ден астам жаңа үй салынды. Барлық тұрғындарға 25 түрлі жиынтықтан тұратын үй жиһазынан бастап, тұрмысқа қажеттіліктермен қамтылғанын айтуға болады.
Бұдан кейін әкімнің қолынан жаңа үйдің кілтін алған Несіпжамал Алшынбаева толқи сөйледі.
– Көріп тұрсыздар, Қызылағаш қызыққа толды. Жайнап, жасарды. Көше де, үй де әсем. Тасқыннан кейін су басқан үйіміздің орнына әйтеуір баспана салып берсе деген ойда болдық. Осындай сәулетті үйге кіреміз деген жоқ едік. Отбасымның қуанышын айтып жеткізе алмаймын. Халқын сүйген, оның тағдырына алаңдаған Мемлекет басшысына, құрылысшыларға алғыс айтамын, – деді.
Жиналғандар алдында Сайлау Алдабергенов сөйлеп, бата берді.
Ал ҚазМҰУ-дың студенті, осы ауылдың тұрғыны Ілескен Әлбатыр жырдан шашу шашса, тағы басқалар сөйлеп, тасқыннан бері кезеңдегі ауыл тұрғындарына жағдай жасалғанын жеткізіп, ауылдастары атынан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа, жалпы көмек көрсеткен қазақстандықтарға ізгі ниеттерін білдірді.
Тасқын су айналып өткен 200 адам мінәжат ететін мешіт те күрделі жөндеуден өтіпті. Облыс әкімі бастаған халық құрбан шалып, әруақтарға Құран бағыштады.
Мәдениет үйіндегі жиын соңы “Қазақконцерт” өнер ұжымының қызылағаштықтарға арналған қайырымдылық концертіне ұласты.
Күмісжан БАЙЖАН.
Алматы облысы.

Астана – Гуанчжоу бағытында жаңа рейс ашылады
Қоғам • Бүгін, 19:37
1 наурыздан бастап көктемгі әскерге шақыру басталады
Әскер • Бүгін, 19:22
Астанада альпинист тоғызыншы қабаттан құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 19:12
Ақтөбе облысында жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 18:37
Ауа райына байланысты бірқатар облыста жолдар жабылды
Ауа райы • Бүгін, 18:25
«Ауыл» партиясы Қарағанды облыстық филиалы жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 18:17
Елордада тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан жауынгерлер рухына тағзым етілді
Қоғам • Бүгін, 18:01
Бибісара Асаубаева Кипрде өтетін Үміткерлер турнирінде бақ сынайды
Спорт • Бүгін, 17:52
Енді міндет емес, құқық: Жаңа Конституция жобасында Құрылтайға қатысты норма нақтыланды
Ата заң • Бүгін, 17:36
Қарулы күштерде 150 әскери қызметші-парамедик даярланады
Әскер • Бүгін, 17:32
Қырғызстан президенті Камчыбек Ташиевті қызметінен босатты
Әлем • Бүгін, 17:22
Олимпиада-2026: Шорт-трекшілер жарыс жолынан шығып қалды
Қысқы спорт • Бүгін, 17:15
Талғардағы тосын жағдай: 150 текше метр топырақ үйлерді басып қала жаздады
Аймақтар • Бүгін, 17:07
Жаңа Конституцияда өтпелі кезеңнің барлық рәсімдері нақты жазылады
Ата заң • Бүгін, 16:51