Аймақтар • Бүгін, 17:07

Талғардағы тосын жағдай: 150 текше метр топырақ үйлерді басып қала жаздады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күн жылынып, жаңбыр жауса Талғар ауданы Бесағаш ауылындағы тұрғындардан маза кетеді. Себебі, тауға жақын орналасқан үйлерге топырақтың шамадан тыс ылғалдануы нәтижесінде жылжып кету қаупі төнеді, деп жазады Egemen.kz.

Талғардағы тосын жағдай: 150 текше метр топырақ үйлерді басып қала жаздады

Таяуда көлемі шамамен 150 текше метрді құрайтын топырақ жылжып, бетонды тіреу қабырғасы бар қорғаныш қоршаудан асып түскен. Салдарынан 2 үйдің кіреберісі мен 1 көлікке зақым келді. Оқиға болған күннен бастап тиісті мекемлерден он шақты маман және 6 техника тартылып, тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Жағдай бақылауда. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және аумақты жарықтандыру үшін жарық мұнарасы орнатылды. Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары мен қауіпсіздік шараларын сақтау және қайталануы ықтимал табиғи құбылыстар кезінде әрекет ету бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді», дейді Талғар ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Еркебұлан Тергеусізов.

Десе де тау бөктерінде тұратын тұрғындардың сөзінше, мұндай тосын оқиғалардың болуы алғаш рет емес.

Еске сала кетейік, Қонаев қаласында жылдамдығы секундына 27 метр боран соғып, тұрғын үйлердің шатыры ұшып, инженерлік желілер зақымданған.

 

Алматы облысы,

Талғар ауданы

Соңғы жаңалықтар