
Фото: Видеодан алынған кадр
Қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, Audi маркалы автокөліктің жүргізушісі солтүстік бағытта қозғалып келе жатып, көлік тізгініне ие бола алмай, жол жиегіндегі металл қоршауға соғылған.
«Апат салдарынан көліктегі бір жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Жүргізуші мен тағы екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді», делінген хабарламада.
Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.