Университет • 19 Маусым, 2025

Абай университеті 43 сатыға жоғарылады

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемнің жетекші жоғары оқу орындарын сарапқа салатын беделді QS World University Rankings 2026 нәтижелері жарияланды. Бұл жолғы жаһандық рейтингте Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 628-орынға көтеріліп, өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда бірден 43 сатыға алға жылжыды. Бұл – университет тарихындағы елеулі серпілістердің бірі, деп жазады Egemen.kz.

Абай университеті 43 сатыға жоғарылады

Фото: ашық дереккөз

Осылайша, Абай университеті әлемдік үздік 650 университет қатарына еніп, еліміздегі үздік бес жоғары оқу орнының бірі ретінде өз орнын айқын нықтады.

университет

Аталған жетістік – оқу орнының білім беру сапасы мен басқару тиімділігін арттыру бағытындағы ұзақ жылдық жүйелі еңбегінің жемісі. Рейтинг нәтижесіне оң ықпал еткен басты факторлар қатарында – оқытушы мен студент арасындағы оңтайлы арақатынас, жұмыс берушілер арасындағы жоғары бедел, сондай-ақ шетелдік профессорлар үлесінің артуы ерекше атап өтіледі.

университет

Абай университеті өзінің ұзақ мерзімді даму стратегиясына сәйкес, педагогикалық білім берудің ұлттық көшбасшысы ретінде халықаралық деңгейдегі беделін нығайтып келеді. Университеттің QS рейтингіндегі бұл ілгерілеуі – сапалы білім беру, ғылыми-зерттеу жетістіктері, халықаралық серіктестік және академиялық ұтқырлық бағыттарындағы нәтижелі жұмыстың айқын көрінісі.

Соңғы жаңалықтар

Сарқырама тоқтаған күн

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Әлемге һәм елге әйгілі

Өнер • Бүгін, 08:20

Нобель, Букер және біз

Руханият • Бүгін, 08:15

Бір сағаттағы үш мереке

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Манасты қазақша жырлаған

Руханият • Бүгін, 08:05

Жарқыра, жұлдыз!

Өнер • Бүгін, 08:02

Әнге айналған тағдыр

Театр • Бүгін, 07:57

Сиқырлы пошта

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:55

Мың баланың қуанышы

Қоғам • Бүгін, 07:45

Жаңа жыл алдындағы ғажайып

Қоғам • Бүгін, 07:40

Бүлдіршіндер шаттанған шақ

Балалар • Бүгін, 07:35

Алма мен Аяз ата

Қоғам • Бүгін, 07:30