Қаржы • Бүгін, 16:18

Қазақстанда енді екі номиналдағы монеталар шығарылмайды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде бұдан былай номиналы 1 және 2 теңгелік монеталар шығарылмайды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда енді екі номиналдағы монеталар шығарылмайды

Фото:depositphotos.com

Ұлттық банк басшысының айтуынша, мұндай төмен номиналдағы монеталарды шығару тиімсіз болғандықтан, оларды шығару тоқтатылады.

«Біз 1 теңгені шығарудың экономикалық тұрғыдан тиімсіз екенін мойындаймыз. Сондықтан біздің базалық жоспарымыз мынадай: 1 теңге мен 2 теңге айналымда қала береді, бірақ оны жаңадан шығару жоспарда жоқ», деді Сүлейменов.

Ол айналымдағы қолданыстағы монеталар айналымнан алынбайтынын, тек жаңасын шығару тоқтайтынын нақтылады.

«Қазір халықтың қалтасында, басқа жерде жүрген монеталар айналымда қала береді. Біз оларды айналымнан алмаймыз. Бірақ жаңаларын жасауға ақша жұмсамаймыз», деп түйіндеді Ұлттық банк төрағасы.