Алматы • Кеше

Алматы әкімі Балалар ғылыми музейінің құрылысымен танысты

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүзеге асып жатқан ірі ғылыми-білім беру жобаларының бірі — Алматыдағы Балалар ғылыми музейінің құрылысы барысымен танысты, деп жазады Egemen.kz.

Алматы әкімі Балалар ғылыми музейінің құрылысымен танысты

Жоба Сингапур Ғылым орталығы және музейлік шешімдер әзірлеу саласында тәжірибесі мол Kingsmen Exhibit PTE LTD компаниясымен бірлесіп іске асады.

Сингапур Ұлттық ғылым академиясының президенті, Сингапур Ғылым орталығының бас директоры, доктор Тит Менг Лиммен өткен жұмыс кездесуі барысында музейді басқару моделін бейімдеу және осы салада білікті мамандар даярлау жайы қозғалды. Доктор Лим жоба командасын оқыту мен озық әдістемелерді енгізу тұрғысынан жан-жақты қолдау көрсетуге әзір екенін білдірді.

Жобада инклюзивтілік мәселесіне айрықша мән берілген. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға жайлы жағдай жасалады. Атап айтқанда, аутизммен ауыратын балалар үшін арнайы бөлме жабдықталады.

«Бұл жай музей ғана емес, балалардың ғылыммен еркін тілдесе алатын, танымдық қызығушылығын оятып, зерттеушілік қабілетін арттыратын кеңістік болмақ. Музей ұлттың зияткерлік болашағын қалыптастыру жолындағы маңызды қадам» деп атап өткен Дархан Сатыбалды құрылыстың сапалы әрі мерзімінде орындалуын тапсырып, Балалар ғылыми музейін қаланың мектепке дейінгі және бастауыш білім беру жүйесімен үйлесстірудің маңызды екеніне тоқталды. Музей келер жылы пайдалануға берілмек.

Еліміздегі алғашқы интерактивті кеңістік балалардың ғылым, технология, инженерия және математика салаларына (STEM) деген қызығушылығын ерте жастан дамытуға бағытталған.

Қазір техникалық сараптаманың қорытындысына сай құрылымдарды күшейту жұмыстары басталды. Құрылыс барысын Алматы қаласы әкімдігінің салалық басқармалары мен білім беру, сондай-ақ ESG-интеграция салаларындағы халықаралық сарапшылар бірлесе қадағалап отыр.

 

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Бір ағашта қырық жеміс өседі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Аурухана іргетасы қаланды

Аймақтар • Бүгін, 08:25

Ақжайықта 238,2 мың көшет егіледі

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 08:23

Ауыртпайтын амал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20