
Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде ауа райына циклон және соған байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді.
«Республика аумағының батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында найзағайлы жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсер жауын болып, бұршақ түсуі мүмкін. Сондай-ақ жел күшейіп, еліміздің оңтүстігінде шаңды дауылдар болады», делінген хабарламада.
Ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді. Күндіз термометр бағаны:
-
батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерде +18…+30°С,
-
орталықта +20…+33°С көрсетеді.
-
шығыстағы кей аудандарда күн қатты ысып, +35°С-қа дейін жетуі мүмкін.
Ал тек оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде ауаның қатты ысуы (+35…+40°С) болжанып отыр, жауын-шашын болмауы ықтимал.