Спорт • Бүгін, 10:03

«Атырау» футбол клубының бас жаттықтырушысы қызметінен кетті

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Атырау» футбол клубының бас менеджері Дидар Сыдықбектің дерегіне сүйенсек, енді бас жаттықтырушының міндетін атқару Нұрғазы Хайруллинге жүктелген, деп жазады Egemen.kz.

«Атырау» футбол клубының бас жаттықтырушысы қызметінен кетті

«Өзара келісімге сәйкес команданың бас жаттықтырушысы Денис Мамонов, бас жаттықтырушының ассистенті Руслан Жәңгіров пен дене шынықтыру жөніндегі жаттықтырушы Сергей Клинков қызметінен кетті. Олардың жұмысына ризашылық білдіремін. Команданы басқа адамдар жинады. Енді алдағы күндері жаңа бас жаттықтырушыны таныстырамыз», деп хабарлады Дидар Сыдықбек.

Денис Мамонов «Атырау» футбол клубының бас жаттықтырушысы қызметіне мамырдың соңғы онкүндігінде кіріскен еді.