
Ал бүгін Синьхуа агенттігі ағылшынша басылымында мынадай ақпаратты жариялады.
АСТАНА, 22 маусым (Синьхуа) – Жексенбі күні Астанада «Синьхуа» ақпарат агенттігінің президенті Фу Хуа Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Арман Қырықбаевпен ынтымақтастық туралы келісім алмасты.
«Келісімге сәйкес, «Синьхуа» агенттігінің жаңа медиа орталығы Қазақстан Республикасы Президентінің қарамағындағы Орталық коммуникациялар қызметіне жаңа медиа мен технологиялар бойынша қолдау көрсетеді.
Сондай-ақ Қытай-Қазақстан алмасу және ынтымақтастық орталығын салу мен оның жұмыс істеуіне, сондай-ақ Қазақстандағы ірі деректер мен есептеу орталықтарын дамытуға арналған сараптамалық (think tank) кеңес беру қызметтерін ұсынады. Екі тарап кадрлармен алмасу және оқыту саласында да ынтымақтасатын болады.
Қазақстан тарапы бұл алмасу және ынтымақтастық орталығы мәдени инновациялар, валюта есеп айырысуы, сауданы жеңілдету, трансшекаралық зияткерлік меншік операциялары, сондай-ақ таланттармен алмасу мен оларды дамыту сияқты салаларда қолдау көрсетеді деп үміттенеді».