Әскер • Бүгін, 17:53

«Айбын-2025» халықаралық әскери жиыны басталды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әскери-патриоттық жастар жиыны Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Сарыжар елдімекеніндегі Т. Бигелдинов атындағы  Әуе қорғаныс күштері әскери институтының полигонында  өтіп жатыр. Оған Қазақстанның әр аймағынан және Әзербайжан, Беларусь, Ресей Федерациясы, Өзбекстан мен Қырғызстаннан 800-ден астам қыздар мен жігіттер қатысуда. Жиынға алғаш рет Қытайдан бақылаушылар да келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Айбын-2025» халықаралық әскери жиыны басталды

Осымен 11-ші рет  өткізіліп отырған «Айбын» әскери-патриоттық жиыны Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналды.

Қатысушылар  түрлі спорттық сайыстар мен әскери қимылдар бойынша сайысқа түседі. Соның ішінде «Айбын дарыны» интеллектуалдық ойыны, пневматикалық винтовкадан ату, робот техникасынан конкурс, «АК-74» автоматын жинау және бөлшектеу, басқа да шығармашылық конкурстар жоспарланды.

Жиынның мақсаты – жастардың  дене және тұлғалық күш-қайратын шыңдау, көршілес елдердің жастары арасындағы ынтымақтастық,  өскелең ұрпақ бойындағы патриоттық сезімді нығайту және Отанды қорғауға әркез дайын болуға тәрбиелеу.

Ақтөбе облысы