
Таяу Шығыс қақтығысы және оның АҚШ-тың тікелей қатысуы кезіндегі өткір кезеңге өтуі жаһандық тәуекелден құтылу процесін жандандырды. Мәселе теңгеде емес - мәселе әлемдік конъюнктурада.
Мұнай секторы оқиғалардың эпицентрінде қалып отыр. Brent баррелі Ормуз бұғазындағы жағдайға қатысты құбылмалы күйге түсті. Қазіргі бағасы 77 доллар деңгейінде тұр. Тәуекелге деген көзқарас мұнайға оң қабақ танытпай тұр. Ұлттық банк алғаш рет 2025 жылғы 5 маусымда жарияланған базалық мөлшерлеме бойынша талқылаудың егжей-тегжейін ашып берді. Мөлшерлеме жылдық 16,5% деңгейінде сақталды - шешім инфляциялық қысымның сақталуы аясында қатаң монетарлық саясаттың қажеттілігін көрсетеді.
Инфляциялық күтулер өсуде: айлық қарқынның баяулауына қарамастан, жылдық инфляция жеделдеуде. Себебі - ішкі сұраныстың өсуі, әсіресе автомобильдер мен тұрғын үйге, сондай-ақ сыртқы факторлар - РФ-дағы инфляция, азық-түлікке әлемдік бағаның өсуі және сауда тәуекелдері. 2025 жылға арналған инфляция болжамы 10,5-12,5% дейін қайта қаралды. 5% -ға жету 2027 жылдың соңына дейін кейінге қалдырылды. Бұл ретте экономикалық өсу көбінесе мұнай секторы мен шикізаттық емес өндірістің арқасында 5-6% шегінде күтілуде.
Сарапшылар комитеттің осы жолғы бас қосуы аса тартыста жағдайда өткенін айтып жатыр. Алғашқыда мөлшерлемені 100 б.п. көтеруді ұсынды, кейін нарыққа дабылды күшейту кезінде ағымдағы деңгейдің сақталуын, әліптің соңын күтуді ұсынды.
Қосымша қысым тұтынушылық және цифрлық несиелендіруден туындайды. Комитет несие портфелінің өсуін шектей отырып, реттеу шараларын қолдану қажет деп есептейді. Инфляциялық қысымның күшеюі кезінде қатаңдатуға қайта оралуы мүмкін. Таяу болашақта жұмсарту күтілмейді.Дүйсенбі күнгі шетел валюталары бағамының ауытқуына қатысты күтулер мынадай:
- АҚШ доллары - 520-530 теңге,
- еуро - 600-615 теңге,
- рубль - 6,60-6,75 теңге,
- қытай юаны - 72-73 теңге дәлізінде.
Сарапшылардың айтуынша, Мұнай бағасының өсуі бірден теңгенің нығаюына әкеледі деп күту қате. Нарықтық заңдар бойынша бұл жұмыс істемейді. Теңге мен доллардың дәлізіне қатысты сауда-саттық көбінесе алыпсатарлық сипатқа ие болды, бірақ бірнеше маңызды жайт бар. Мұнайдың нығаюы, егер ол іргелі сипатта болса, шын мәнінде бағамға әсер етуі мүмкін, бірақ дәл қазір емес, кейін. Алдымен бізге доллар мен теңгені бір-бірімен салыстыру қисынсыз екенін түсінуіміз керек. Доллар әлемдік деңгейдегі валюта, тіпті қытайдың валютасы да оған толыққанды балама бола қойған жоқ. Сондықтан доллар жаһандық валюта болып қала береді. Сондықтан доллар 3-4% -ға төмендегенде теңге нығая бастайды деп күту аңқаулық болар еді. Бұл экономикалық тұрғыдан негізді емес. Біздің валюталар экономикаларымыздың ауқымы сияқты әр түрлі дамуда.