
Футбол клубының бас менеджері Дидар Сыдықбектің айтуынша, бас жаттықтырушымен келісімшарт 1,5 жылға жасалған.
«Беларусьтік маман Виталий Жуковский «мұнайшылардың» бас бапкері қызметіне тағайындалды. Ол 2022-2024 жылдары «Атырау» бас жаттықтырушысы болып, командамызды Қазақстан Кубогінің финалына шығарды. Ел чемпионаты аясында соңғы жылдардағы үздік нәтижені (7-орын) көрсеткен еді», деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.