Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:40

4 120 метр шыңға ту тікті

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері Іле Алатауындағы 28 гвардияшы-панфиловшылар шыңына шықты. Игі бастама «Заң және тәртіп» жобасы аясында жүзеге асырылды. Спорттық іс-шараға Ішкі істер министрлігі, Бас прокуратура, Қаржылық мониторинг агенттігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері қатысты.

4 120 метр шыңға ту тікті

Топ Тұйықсу мен Мың­жылқы шатқалы, «Аль­пинград» және Мәншүк Мәметова атындағы асу арқылы жүріп өткен. Сөй­тіп, Іле Алатауы сілем­де­рінің түйіскен жерінде орналасқан 28 гвардияшы-­панфиловшылар шы­ңына шықты. Кейін осы жерге еліміздің Мем­ле­кеттік туы мен «Заң және тәртіп» жалауын тік­ті. Қа­тысушылардың айтуын-
ша, 4 120 метр биік­тікке көтерілу оңай болмапты.

«Бастапқыда күн ашық болған, кейін құбылды. Жаңбыр мен бұршақ жауып, қалың тұман басып жолды көру қиындады. Осылай таудың ең биік шыңын бағындыру оңай болған жоқ. Шамамен 12 сағатта сапарды аяқта­дық», дейді спорттық іс-ша­раға қатысушылар­дың бірі Алматы қаласы Әуе­зов ауданы про­курату­расы­ның бөлім бастығы ­Ералы Совет.

Жалпы, құқық қор­ғау органдары қызмет­кер­лерінің осындай қарлы асуға ұмтылысы – әділдік пен заң үстемдігі­не деген адал ниеттің, биік мұраттың рәмізі іспетті. Бұл – тек физикалық тұр­ғыда бағындырған шың емес, моральдық әрі кәсіби биіктікті бағындыруға деген ұмтылыс. Бір жағынан мұндай іс-шаралар сала мамандары арасындағы өзара ынтымақтастық пен әріптестікті нығайтып, бірлікті бекемдей түседі.