
Бейнежазба арқылы өткен алдын ала іріктеуге 400-ден астам үміткер қатысқан. Олардың ішінен 12 үздік орындаушы таңдалып алынды. Солардың қатарында Қазақстаннан қатысқан Әйгерім Алтынбек те бар.
Опера әншісі Әйгерім Алтынбек – көптеген халықаралық вокалдық байқаулардың лауреаты. Ол танымал композитор Джакомо Пуччинидің 100 жылдығына орай ұйымдастырылған халықаралық опера әншілері байқауында жеңімпаз атанды.
Италияның Модена қаласында өткен Николай Гяуров атындағы опера әншілерінің халықаралық байқауында Әйгерім үшінші орын иеленді. Қазақстандық әнші атақты италиялық опера әншісі Мирелла Френидің арнайы сыйлығын алды. Әлемнің 470 қатысушысы қатысқан Рената Тебальди атындағы халықаралық вокал байқауында өнерпаз екінші орынға ие болды.
25 маусымда әлемге әйгілі Хосе Каррерастың концерті өтеді. Осы кеште Әйгерім Алтынбек те өнер көрсетеді. Концертте әлемдік опера ариялар шырқалып, танымал дуэттер сахнаға шығады. Сондай-ақ 27–28 маусымда Италияның Неаполь қаласында Андреа Бочеллидің мерейтойлық концертіне қатысып, аты аңызға айналған тенормен бір сахнада ән шырқайды.
Дарынды өнерпаздың бұл жетістігі – оның білімге деген ұмтылысы мен кәсіби шеберлігінің жемісі.