Спорт • Бүгін, 08:25

Жарыс күнделігі

10 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қазақтың аса дарынды ойыншысы Бибісара Асаубаева АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында фристайл-шахматтан ерлер арасында өтетін жабық турнирге шақырту алды. Аталған жарыста ФИДЕ рейтингінде көш бастап тұрған норвегиялық Магнус Карлсен, америкалық Фабиано Каруана мен Хикару Накамура, тағы басқа да атақты гроссмейстерлер өнер көрсетеді.

Жарыс күнделігі
  • Парижде жеңіл атлетикадан «Гауһар лигасының» кезекті кезеңі мәреге жетті. Жарыста елімізден бір ғана спортшы, Надежда Дубовицкая өнер көрсетті. Жерлесіміз биіктікке секіруде 178 сантиметрлік нәтижемен 13-орында қалып қойды. Бұл бәсе­кеде аустралиялық Никола Олис­ла­герсе алдына жан салмады. Күміс пен қола медальды украиналық Ярослава Магучих (197 см) пен жасыл құрлықтың тағы бір өкілі Элинор Паттерсон (197 см) иеленді.
  • Кеше Хорватияның Загреб қаласында үстел теннисінен «WTT Contender Zagreb» атты ірі халық­аралық турнирі басталды. Осы жарысқа әлемдік рейтингте жоға­ры орында тұрған Томокази Хари­мото (Жапония, ITTF рейтингінде 4-орын), Сян Пэн (Қытай, 9), Дарко Йоргич (Словения, 10), Бенедикт Дуда (Германия, 11), Ан Джэхён (Оңтүстік Корея, 17), Ох Джунсунг (Оңтүстік Корея, 19) сынды саңлақтар қатысады. Қазақ елі намысын Дастан Кенжеғұлов, Айдос Кенжеғұлов, Санжар Жұбанов қорғайды.
  • Лозаннада Халықаралық Олимпиадалық комитеті (ХОК) пре­­­зи­дентінің өкілеттігін табыстау рәсімі өтті. 2013 жылдан бері осы ұйымды басқарып келген Томас Бах өз өкілеттігін Кирсти Ковентриге ресми түрде тапсырды. ХОК-тің жаңа басшысы 1983 жылы Зим­бабведе дүниеге келді. Жүзуден Олимпия ойын­дарында 7 (2 алтын+­4 күміс+1 қола), әлем чемпионаттарында 8 (3+5+0) рет жеңіс тұғы­рына көтерілді. Мансабын аяқтағаннан кейін Ковентри ханым Зимбабвенің Жастар, спорт, өнер және демалыс министрі, ХОК-тің атқа­ру коми­те­тінің мүшесі, ұйымның спортшылар ко­мис­сиясының төрағасы қызметтерін атқарды.
  • Ұлыбританияда «Уимблдон­ның» іріктеу сайыстары басталды. Бұл жарыста еліміздің төрт теннисші­сі бақ сынап, үшеуі келе­сі кезеңге өтті. Тұсаукесер кезде­сулерінде Тимофей Скатов италия­лық Стефано Напо­ли­таноны (АТР№684), Михаил Кукушкин бра­зи­лия­лық Тьяго Уайлды (№120), Бей­біт Жұқаев украи­налық Виталий Сач­коны (№213) ұтты. Дмит­рий Попко аргентиналық Роман Андрес Бур­­­ручадан (№133) жеңілді. Ал әлем­­дік рей­тингте ТОП-100-діктің қа­­тарындағы Алек­сандр Бублик пен Александр Шевченко, Елена Рыба­кина мен Юлия Путинцева турнирдің не­гізгі бөлігіне бірден ­жолдама алды.
  • Теннисшілердің әлемдік рей­тингі қайта жаңартылды. Галледегі додада небір мықты қарсыласты қапы қалдырып, бас жүлдені ол­жалаған Александр Бублик бірден 15 са­ты­ға жоғарылап, қазіргі кезде 30-орында тұр. Александр Шевченко ­97-орнын сақтап қалды. АТР тізі­мінде италиялық Янник Синнер көш бастап тұрса, оны испаниялық Карлос Алькарас, германиялық Александр Зверев, ұлыбританиялық Джек Дрейпер, сербиялық Новак Джокович өкшелеп келеді.

Әйелдер арасында беларусьтік Арина Соболенко алдына жан салар емес. Одан кейінгі орындарға АҚШ-тың қос үздігі – Коко Гауфф пен Джессика Пегула, қытайлық Чжэн Циньвэнь, ресейлік Мирра Андреева тұрақтады. Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 11-сатыда, Юлия Путинцева 33-орында тұр. Испаниядағы турнирде топ жарғаннан кейін Зарина Диас WTA-дағы жағдайын біраз жақсар­тып алды. Жерлесіміз осы аптада
28 сатыға жоғарылап, бұл күндері 246-орынды иеленіп отыр.