Оқиға • Бүгін, 11:25

Шерзат Полат ісі бойынша сотталғандар апелляциялық шағым түсірді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шерзат Полаттың ісі бойынша сотталғандардың басым бөлігі соттың үкіміне апелляциялық шағым түсірді. Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Шерзат Полат ісі бойынша сотталғандар апелляциялық шағым түсірді

Фото: Ашық дереккөз

Адвокаттың айтуынша, алғашқы сот үкімі 21 маусымда заңды күшіне енген. Осы күннен бастап сотталғандардың апелляцияға шағымдануға 15 күні бар.

«Қазіргі таңда барлық сотталғандар мен олардың қорғаушылары апелляциялық шағымдарын тапсырды. Тек Шыңғыс Белғожаев пен кәмелетке толмаған Думан Ысқақ әзірге шағым түсірген жоқ», деді Шекеев.

Естеріңізге сала кетейік, 5 маусымда Талдықорған қалалық сотында аталған қылмыстық іс бойынша тоғыз айыпталушыға үкім шыққан болатын.

Тергеу дерегі бойынша, басты айыпталушы Абзал Шынасыл 23 жылға орташа қауіпсіздік мекемесінде бас бостандығынан айырылды. Равиль Сакиевке — 20 жыл, Азамат Тоқтаубаевқа — 15 жыл, Нұрқияс Ильясовқа — 9 жыл түрме жазасы тағайындалды.

Шыңғыс Белғожаев, Дархан Аскентай, Нұрбол Тоқтаубаев және Дидар Қалиахмет – әрқайсысы 7 жылдан жаза алды.

Ал кәмелетке толмаған Думан Ысқақ 1 жыл 6 ай мерзімге сотталды.