
Фото: Ашық дереккөз
«Атап айтқанда, екі қор қысқартылды – Коалицияны қолдау қоры және Украинадағы қауіпсіздікке жәрдемдесу бастамасы», деді Пит Хегсет.
АҚШ-тың бұл шешімі халықаралық қауымдастық, әсіресе Еуропа елдері тарапынан алаңдаушылық тудырып отыр. 25 маусым күні Германияның қорғаныс министрі Борис Писториус Еуроодақ елдері Украинаға көмек көрсетуге қатысты АҚШ-тың қызығушылығын сақтап қалу үшін күш салып жатқанын мәлімдеді.
Писториустың айтуынша, АҚШ-тың Украинаға қолдауы тек әскери көмектің көлемімен шектелмейді, ол сондай-ақ НАТО серіктестеріне берілетін саяси және стратегиялық сигнал рөлін де атқарады.