
Ішкі істер министрлігі, «Қазақтелеком» АҚ және Sergek жүйесінің әзірлеушілері бірігіп, жаңа цифрлық технологияларды сынақтан өткізіп жатыр.
Құқық бұзушылықтарды тіркейтін Sergek жүйесін дрондарға біріктіру – жол ережесін бұзу фактілерін, борышкерлер мен алимент төлеуден жалтарып жүргендерді жедел анықтап, мәліметтерді тікелей тәртіп сақшыларының планшеттеріне жеткізуге жол ашады.
Бұл жаңашылдық полиция қызметінің шапшаңдығын және тиімділігін арттыруға ықпал етпек.