Қоғам • 27 Маусым, 2025

Жамбылдық БАҚ өкілдерін марапаттады

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

28 маусым бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің кәсіби мерекесіне орай Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев жергілікті журналистерге құрмет көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz

Жамбылдық БАҚ өкілдерін марапаттады

– Журналистика – тек халыққа ақпарат жеткізудің құралы ғана емес, сонымен қатар асқан жауапкершілік пен шеберлікті, терең мәдениеттілік пен білімділікті қажет ететін мәртебелі мамандық. Мемлекет басшысы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне үнемі қолдау білдіріп, зор сенім артып келеді.

Президент: «Еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары қоғам санасын жаңғыртып, ұлт тұтастығын нығайту жолында айрықша рөл атқарады», – деп сала мамандарының қоғамдағы орнын нақты атап өткен болатын.

Шын мәнінде, сіздер еліміздің рухани дамуына, адамгершілік құндылықтарды сақтауға айрықша үлес қосып келесіздер. Осы еселі еңбектеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін, – деді облыс әкімі құттықтау сөзінде.

Мерекелік іс-шара барысында сала ардагері Бекет Момынқұл мен Тұрсынхан Толқынбайұлы Мемлекет басшысы Жарлығымен “Құрмет” ордені иегері атанғаны аталы өтілді. Сондай-ақ Jambyl телеарнасының директоры Гүлбаршын Құланбаеваға “Ерен еңбегі үшін” төсбелгісі табысталса, Шу аудандық “Шу өңірі” газетінің бас редакторы Ерғали Қартайған мен ардагер журналист Әбділда Сәрсенбі “Ақпарат саласының үздігі” атанды.