Ғылым • Кеше

Абай атындағы ҚазҰПУ түлектеріне салтанатты түрде диплом табысталды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Математика, физика және информатика факультетінің бітіруші түлектеріне арналған салтанатты диплом табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай атындағы ҚазҰПУ түлектеріне салтанатты түрде диплом табысталды

 

Іс-шараға университеттің Басқарма төрағасы-ректоры Болат Тілеп, Білім беру бағдарламаларын талдау департаментінің директоры Нұржамал Ошанова, факультет деканы Шерипидин Хамраев, кафедра меңгерушілері, профессорлық-оқытушылар құрамы, түлектер, олардың ата-аналары қатысты.

Салтанатты іс-шара барысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің түлектерге арнаған бейнеқұттықтауы көрсетіліп, жас мамандарға ақжарма тілектер айтылды.

Рәсімде университет ректоры Болат Тілеп құттықтау сөз сөйлеп, бітіруші түлектерді құттықтап, жас мамандардың университет беделін арттырып, ел игілігіне адал қызмет ететініне сенім білдірді.

«Сіздер осы қарашаңырақта бойыңызға  білім ғана емес, өмірлік бағыт-бағдар, адами құндылықтар мен асқақ рухты сіңірдіңіздер. Әрине, бұл алдағы өмір жоддарыңызда биік мақсаттарға жетелейтін алтын арқау болады деп сенемін. Кәсіби жолдарыңыз табыс пен сәттілікке толы болғай!»,  деді ректор.

Сонымен қатар, диплом табыстау рәсімінде түлектерге университет атынан ұлы ақын Абай Құнанбаевтың «Қара сөздер» жинағы естелік ретінде тарту етілді.

Айта кетейік, биыл Математика, физика және информатика факультетін 850 түлек тәмамдап жатыр. Оның 692-і бакалавр, 156-ы магистрант.