Денсаулық • Кеше

Grape: Жаман ауруды анықтайтын ЖИ

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Alibaba Group» асқазан қатерлі ісігін қарапайым компьютерлік томография арқылы анықтай алатын жаңа жасанды интеллект жүйесін жасап шығарды, деп жазады Egemen.kz.

Grape: Жаман ауруды анықтайтын ЖИ

«Grape» деп аталатын бұл модель КТ-суреттерді үш өлшемде талдай отырып, тәжірибелі дәрігерлердің өздері байқамай қалуы мүмкін өте ұсақ өзгерістерді анықтай алады. Клиникалық сынақтарда «Grape» 100 мың адамды зерттеп, 96,8% нақты нәтиже көрсеткен. Бұл – модель ауруды ерте кезеңде жоғары дәлдікпен анықтай алатынын білдіреді. Тіпті кейбір жағдайларда «Grape» рентгенологтардан алты ай бұрын қатерлі ісік белгілерін тапқан. Бүгінге дейін асқазан сияқты қуысты мүшелерді КТ арқылы зерттеу қиын деп есептеліп келген. Себебі асқазан үнемі қозғалыста болады әрі алғашқы зақымданулар көзге бірден түсе бермейді. Осыған байланысты дәрігерлер эндоскопия әдісіне жүгінуге мәжбүр болған. Ал «Grape» моделі бұл мәселені шешіп отыр.

Зерттеушілер әлемдегі ең үлкен асқазан обырына қатысты КТ-суреттер базасын жасап, жасанды интеллектіні сол деректермен оқытқан. Нәтижесінде «Grape» тәжірибелі мамандардың көзіне түспейтін заңдылықтарды ажыратып үйренген. Модель жалған оң нәтижелерді де барынша азайта отырып, обыр жағдайларын ерте кезеңде сенімді анықтай алады. Қазір «Grape» моделін Қытайдың Чжэцзян және Аньхой провинцияларында қолдану жоспарланып отыр.

«Grape моделі – обырды инвазивті емес жолмен, ерте анықтай алатын заманауи шешім. Бұл – диагностика саласындағы үлкен серпіліс, әрі адамдарға қолжетімді әрі қауіпсіз медициналық тексеруден өтуге жаңа мүмкіндік береді.