
Фото: Видеодан алынған кадр
Алдын ала мәліметке сәйкес, қайғылы жағдай 1 шілде күні Калдаяқов көшесінде, «Арыс» көпірі бағытында болған. Toyota Land Cruiser көлігін тізгіндеген жүргізуші рөлге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен. Соққының инерциясымен автомобиль қарсы бағытқа шығып, екі көлікпен соқтығысқан.
Апат салдарынан жүргізуші ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмған. Қазіргі уақытта оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.