
Фото: Ашық дереккөз
Жапонияның Метеорология агенттігінің дерегінше, сағат 15:26-да болған 5,5 магнитудалы жер сілкінісі Кагосима префектурасына қарасты Кодакара аралында жапондық 7 балдық сейсмикалық шкала бойынша 5 балл деңгейінде тіркелген. Цунами қаупі туралы ескерту жарияланған жоқ.
Бұл дүмпу таңғы 4:32-де сол өңірде болған 5,1 магнитудалы жер сілкінісінен кейін тіркеліп отыр. Ол 16 шақырым тереңдікте болған. Ал 5,5 магнитудалы кейінгі сілкініс 10 шақырым тереңдікте болған.
Сонымен қатар, Акусэки аралында таңертеңгі дүмпу 5 балдан төмен деңгейде сезілген.
Агенттіктің мәліметінше, дүйсенбі күні халқы 89 адамды құрайтын аралда да 5 балдан төмен тағы бір жер сілкінісі тіркелген.
Айта кетейік, 21 маусымнан бастап Якусима мен Амами-Осима аралдарының маңында орналасқан осы ауданда 865 жер сілкінісі тіркелген. Олардың барлығы 1 балдан жоғары болған. Бұл көрсеткіш сәрсенбі күнгі сағат 9:00-дегі жағдай бойынша берілген.
Жергілікті метеорологиялық бөлімше тұрғындарды абай болуға шақырады, себебі жақын күндері 5 балл шамасында жаңа сілкіністер болуы мүмкін.